Жұлдызды жаңалықтар

«Шоу-айтысты тоқтата алмаса Балаева несіне министр болып отыр?»: Жүрсін Ерман ашуланды

  • «Шоу-айтысты тоқтата алмаса Балаева несіне министр болып отыр?»: Жүрсін Ерман ашуланды

    «Шоу-айтысты тоқтата алмаса Балаева несіне министр болып отыр?»: Жүрсін Ерман ашуланды

Ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман айтыс пен тіл төңірегіндегі мәселелерді көтеріп, сұхбат берді. Сол сәтте ол "Шоу-айтысқа" күйінетінін, оның халық өнерін мазаққа айналдырғанын айтты, деп хабарлады paryz.kz, "Азаматтық пікір" youtube арнасына сілтеме жасап. 

Жүрсін Ерман халықтың төл өнері, құндылығы болған айтыс өнерінің қадірі қашқанына наразы. Қазіргі шоу-айтысты ұйымдастырғандар мен одан рейтинг тапқан басшыларға қатты ашуланып отыр.

"4-5 жылдан бері шоу-айтыс деген басталды. О бастан-ақ қарсы болдым. Мені 1-2 рет сарапшы қатарына келуге көндірді. Алайда мұны қабылдай алмадым. Рейтинг қуудың жөні осы екен деп айтысты қорлау керек пе? Ақын мен әншіні айтыстырыпты. Әнші айтысушы ма еді? Оларға біреулер жазып береді екен. Оны қағазға қарап отырып айтады. Арзан күлкі. Оның несі айтыс?! Оны көрген көрермен айтыс деген осы екен демей ме?.. Сарапшылардың өзі керемет деп бағалап қояды. Жанар Айжанова, Балғынбек те, Асхат Маемеров те отыр. Оның қай жері тұшымды айтыс? Мен таңғалдым. Қанша қарсы шықтық. Тоқтау сұрап хат жаздық. Аида Балаеваға хат жаздық. Ол да тоқтау бола алмай отырса, несіне министр? "Хабар" арнасының басшысы Бекхожин ақынның баласы болса да ештеңе қақпайтын адам көрінеді. Айтыстан рейтинг тапқысы келеді. Әркім өз ісімен айналысуы керек қой. Біз, ақындар Суретшілер одағына барып, көрме ұйымдастырып жүрсек, қалай болады?" &ndash деді Жүрсін Ерман.

Ақын - айтыстан бөлек, мемлекеттік тілдің жанашыры. Оның биік мінберлерде қазақ тілінің мәселесін талай рет көтергені белгілі.

"Тіл тақырыбын айтып жүргелі 30 жыл болды. Жауыр тақырыпқа айналды. Біз қырқысып қалған қоғам болдық. Қазір аудармашы бар. Бір ізге түскен. Тоқаевтың қазақша сөйлемейтіні қанымды қарайтады. Шетелде неге қазақша оқымайды? Аудармашы деген бар ғой. Неге мемлекеттік тілді бірінші орынға қоймаймыз? Тоқаев сөйлесе, Мамин де қазақша сөйлейді. Мамин сөйлесе, Үкіметтегінің бәрі қазақша сөйлейтін еді. Тіпті мемлекеттік тіл білмейтін адамды мемлекеттік қызметке алмау керек. Бәрі бір адамға байланысты. Басшы сөйлесе, бәрі үйренеді. 30 жылда аю да қазақша үйренетін уақыт болды", &ndash деді ақын.

Айта кетсек, тіл жанашыры 4 жыл бұрын жер мәселесін шешуге қатысты комиссия мүшелігінде де болған.

"Бізде қалғаны қара жер ғана, одан айырылсақ, барымыздан айырылғанымыз.  Жерді сату, шетелдіктерге жалға беру деген мәселе шықты. Қоғам өре түрегелген соң басылып қалды. Жердің астын да, үстін де сатып біттік. Енді қара жерге ие болайық та. Жерді сату, шетелдікке жалға беру дегенге қарсымын. Жер өз азаматтарымызға берілсін. Мұны есі дұрыс адамның бәрі қолдайды деп ойлаймын", - дейді Жүрсін Ерман.




Көрілген: 4659    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.12.2020, 11:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30