Жұлдызды жаңалықтар

"Ішпеймін де, шекпеймін де": Айжұлдыз Адайбекова жұртқа ағынан жарылды

  • "Ішпеймін де, шекпеймін де": Айжұлдыз Адайбекова жұртқа ағынан жарылды

Отандық танымал әнші Жанар Айжанованың қызы желіде ерекше жазба жариялап, онда бар жан сырын ақтарған. Айжұлдыз Адайбекова зиянды заттардан аулақ болғаны үшін өзімен көбісі араласқысы келмейтінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Айжұлдыз Адайбекова ішімдік пен темекі атаулысына мүлдем жоқ екенін жеткізді. Ол Instagram парақшасында ашынып, зиянды заттарға әуес еместігі де оған кері әсерін тигізе алатыны жөнінде жазба қалдырды.

Жас дизайнер салауатты өмір салтын сақтап, ішпей-шекпей жүргені үшін көпшілік оны тақуа адамға теңеп тастағанын алға тартты. Ол бұл қасиеті үшін өзінен кейбір адамдар теріс айналғанын да айтты.

"Мен ешқашан ішіп те, шегіп те көрмегенмін. Кейбір адамдар мұны білген бойда, мені құдды бір тақуа жанға теңеп, менімен араласуды қояды. Кейбірі тіпті сенбейді де. Біреуге бұл жайт таңғаларлықтай болады. Негізінде мен нейтралды пікір ұстанатын адаммын. Бар айтқым келетіні: Достар бұл менің жеке таңдауым. Бұл жайт мені өзгеше немесе бөтен адам етпейді. Тек бір нәрсені есте сақтаңыздар. Әркім өз іс-әрекеті үшін өзі жауапты. Сол себепті, өзге біреуді саусақпен көрсетіп, біреуді талқылауды қояйық" , -деп жазды Айжұлдыз.
 
 

Айта кетейік, бұған дейін желіде беті-басын бояп тастаған Айжұлдыз Адайбекованың видеосы тарап кеткен болатын.

 

 




Көрілген: 1260    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 11:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30