Жұлдызды жаңалықтар

Сиви Махмуди ыдыс жуып жүрген Жанар Хамитованы жұмысқа алды (видео)

  • Сиви Махмуди ыдыс жуып жүрген Жанар Хамитованы жұмысқа алды (видео)

    Сиви Махмуди ыдыс жуып жүрген Жанар Хамитованы жұмысқа алды (видео)

12 жылдан бері ел көзінен тасада болған Жанар Хамитованың тағдыры қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. "Арнау" тобының бұрынғы әншісіне халық әлеуметтік желі арқылы жылы лебіздерін білдіріп, өнерге қайта оралуын, "аяққа тұрып кетуін" тіледі. Ал әріптесінің жағдайынан хабардар болған Сиви Махмуди оны бірден жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz.


Сиви Махмуди ыдыс жуып жүрген Жанар Хамитованы жұмысқа алды (видео)


Иә, бұған дейін ыдыс жуып, пәтерден пәтерге күнелтіп жүрген Жанар енді Сивидің отбасына қарасты мейрамханалардың бірінде әнші болып жұмыс істейді. Бұл туралы Махмуди мен Хамитова хабарлады.


"Бүгіннен бастап Жанар біздің кешенде жұмыс істейді, ән салады", - деп қуанышты хабарды жеткізді Сиви.


Көпшілік Сивидің қайырымдылығына риза болды. 


"Сізге Алла разы болсын", "Кеше Жанарды көріп, жүрек ауырып еді. Қолдау көрсетіп жатқаның Алладан қайтсын", "Жанардың қиын өмірін көріп, жылап алған едім. Сиви қол ұшыңды бергенің үшін мың алғыс саған", - деп жылы лебізін білдірді желі қолданушылары. 



Айта кетейік, Жанар Хамитова көпшілікке Super Star жобасынан белгілі. 2007 жылы Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" атты топ құрған. Алайда Хамитова бұл ұжымда ұзақ өнер көрсетпеді. Небәрі 2 жылдан кейін оның орнын Салтанат Бақаева алмастырды. Жақында Бақаева экс-арнаулық бикешті вокал дәрісінде кездестіргенінайтқан еді. Бұдан кейін отандық бағдарламалардың біріне қонақ болып келген Жанар ауыр тағдыры жайлы, дінге берілген күйеуі жайлы сыр шертті. Сондай-ақ, Жанар осыдан 5 жылдай бұрын шоу-бизнеске қайта оралу үшін әріптестерінен көмек сұрағанын, алайда ешкімнен қайыр болмағанын атап өтті.  




Көрілген: 749    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.04.2019, 12:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31