Жұлдызды жаңалықтар

Танымал қазақстандық жазушының немересін әйелі пышақтап өлтірді

  • Танымал қазақстандық жазушының немересін әйелі пышақтап өлтірді

    Танымал қазақстандық жазушының немересін әйелі пышақтап өлтірді

Танымал қазақстандық жазушы Хамза Есенжановтың немересі Әділхан Есенжанов Оралда өз әйелінің қолынан қаза тапты. Келіншек 10 жылға сотталды деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыс 2020 жылдың 19 қаңтарында болған. 3 шілде күні өткен сот оқиғаның мән-жайын дәлелдеді.

Нақтырақ айтсақ, қайғылы жағдай орын алған күні ерлі - зайыпты Әділхан және Әйгерім Есенжановтар қонақтан келіп, ұрысып қалған. Кикілжіңнен кейін келіншек күйеуінен үйден кетуін сұраған. Ал келесі күні жұмыстан келген Әйгерім күйеуінің тағы да үйде екенін көрген.

Ол тағы да жарынан үйден кетуді сұрайды. Бұл уақытта үйде жұбайлардың екі қызы мен Әйгерімнің әпкесі және анасы болған. 37 жастағы Әйгерім жарын ұрып-тістеп, ыдыс-аяқ лақтырып, өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқытқан. Есенжанов болса, салмақты түрде келіншегін сабырға шақыруға тырысқан. Алайда, ер азаматтың бұл әрекеті нәтижесіз болып, Әйгерім қолына пышақ алып, күйеуінің мойнына тығып алған. Пышақтан жасалған соққы артерияға зақым келтіріп, Есенжанов қаза тапқан.

Сот келіншектің қылмыс құралын лақтырып, үйден яқ киімсіз қашып кеткенін дәлелдеді. Көшеде Есенжанова полицейлердің құрығына түскен. Ал сотта күдікті қылмы жасау өз жоспарында болмағанын, күйеуі өзін тұншықтырмақ болған соң қорғанғанын айтып ақталды.

Дегенмен, сот бұл нұқсамен келіспей, Есенжанованың өз жарын қасақана өлтіргенін дәлелделі. Мұны осы уақытта үйде болған 16 жастағы қызы да растады. Оның сөзінше, әкесі анасына қоқан - лоққы да, күш те көрсетпеген.

Марқұм жайлы куәгерлер аса жақсы пікірлер айтты. Олар Есенжановтың сабырлы, мейірімді азамат екенін растады. Ол ешқашан жауапкершілікке тартылмаған. Ал Әйгерім өздігінен пысық келіншек екен, бірақ соңғы екі жылда ол көп арақ ішіп, кикілжің түсіп жүріпті.

Есенжанова қолға түскен уақытта полицейлерге қарсылық танытып, төбелес шығарып, олардың бірінің формасын жыртып та жіберген. Сот бұл келіншекті кісі өліміне кінәлі деп тануға жеткілікті деген қорытынды шығарған. Ол 10 жылға сотталды. Кәмелет жасқа толмаған қыздарды асыраумен Әділхан Есенжановтың жақындары айналысады. Олар тиісті құжаттарды рәсімдеп қойды. 

 

 




Көрілген: 1870    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.07.2020, 11:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30