Жұлдызды жаңалықтар

Төреғали Төреәлі өз атынан шай шығарып, енді саудамен айналысады

  • Төреғали Төреәлі өз атынан шай шығарып, енді саудамен айналысады

    Төреғали Төреәлі өз атынан шай шығарып, енді саудамен айналысады

Айтқан әрбір сөзі мен істеген әр қимылы қызу талқыға түсетін Төреғали Төреәлі әріптесі Димаш Құдайбергенге бақталас болмақ. Сахнада емес, сауда нарығында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Revue бағдарламасына сілтеме жасап.


Төреғали


"Төреш шайы" деген жарнама жүреді, Алла қаласа. Жарнамасын түсіріп болдық", - дейді Төреғали Төреәлі.


Айтуынша, бұл тек жұлдызды әулетке тиесілі отбасылық бизнес болады. Тіпті, анасы шайдың әр түрлі сұрыптарының дәмін көріп, мінсізін таңдаған.


Әнші шайдың сатылымын өзі қадағаламақ. Қажет болса, дүкеннің сөрелеріне де өзі жеткізуге әзір.


"Алладан сәттілік, береке тілейміз", - дейді ол.


Енді жатса да, тұрса да "шайдың сатылымы жақсы болса екен" деп тілейтін әншінің жеке шығармашылығы не болмақ? Әсіресе, көпті "Ұлы дала комедиясы – 2" фильмі толғандырады.


"Ұлы дала комедиясының" жалғасы - "Ұлы дала боевигі": Алматы-Гонконг, сценарий жазылып бітті. Алла қаласа, жұмыс барысында сіздерді шақырып, бөлісетін боламыз", - дейді Төреғали.


Киноның түсірілім жұмыстары жуырда бастау алады деп сендірді әнші. Айтуынша, бұл жолы кино екі мемлекетте - Қазақстан және Қытай елінің Гонконг қаласында таспаланады.




Көрілген: 1118    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.09.2019, 12:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31