Жұлдызды жаңалықтар

"Үкі таққан": Аша Матайдың болашақ жеңгесі қызойнағын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

  • "Үкі таққан": Аша Матайдың болашақ жеңгесі қызойнағын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Ғашықтар күнінде сүйіктісінің ұсынысын қабылдаған отандық жас әнші Жарқынай Ханайым күні кеше қыз ойнағын дүркіретіп өткізді. Аша Матайдың болашақ жеңгесі өзі үшін ерекше мерекелік кеште ең жақын құрбыларының басын қосқан. Олардың арасында қазақстандық шоу-бизнес сылқымдары да бой көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жарқынай Ханайым той алдындағы кешіне Балжан Бидаш бастаған жұлдызды құрбыларымен қатар қайын сіңлілерін де шақыруды ұмытпаған.

Аша Матай, Айсәуле Бақытбек пен Айару Бақытбек те қызойнақта көңіл көтеріп қайтты.

Оған қоса, кеш ортасында қалыңдықтың күйеу жігіті Айдар Асқарбеков те бой көрсетіп, келген қонақтарға өз алғысын білдірген.

Алматы қаласының бағалы караоке мейрамханаларының бірінде өткен қызойнақта түсірілген видеолар мен суреттер бірден Instagram желіcінде тарап кетті.

Бейнематериалдарға сүйене отырып, қалыңдық пен оның құрбылары бірдей стильде, ақ және көк түсті киімде болғанын аңғаруға болады.

Айта кетейік, 14 ақпан әулие Валентин күні Аша Матайдың ағасы, жас актер Айдар Асқарбеков өз сүйіктісі Жарқынай Ханайымға үйленуге ұсыныс жасаған болатын.
 
 

Қос ғашық бірге "Рауза" атты телехикаясында танысып, онда басты рөлдерді сомдаған. Сериалда олар ғашықтарды ойнады. Нәтижесінде белгілі болғандай, экрандағы махаббат шынайы өмірде де жалғасын тапқан көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 2673    Пікірлер: 0

жұма, 21.02.2020, 09:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30