Алаштың интернет-мәслихаты

Парламент біреудің айтқанына жүгіріп кететін қолбала орган емес (ТОЛЫҚ ЖАУАП)

  • Рамазан Сәрпеков, Мәжіліс депутаты

    Рамазан Сәрпеков, Мәжіліс депутаты

Ардақты әлеумет! Бүгінгі қоғамдағы қызу талқы жол жүрісі туралы заңнамадағы новеллалар екені белгілі. Көлік жүргізушілер үшін ғана емес, тұтас қоғамда резонанс тудырған осы мәселеге қатысты «Алаштың интернет-мәслихаты» айдарына белгілі заңгер, Мәжіліс депутаты Рамазан Құмарбекұлы Сәрпеков мырзаны шақырған едік. Мемлекет ісіндегі заң шығарушы биліктің өкілі болғандықтан да бүгінгі жаңа нормалардың қабылдануына бірден-бір атсалысқан, сондай-ақ мемлекеттік тілде заң тілінде жете түсінік бере алатын халық қалаулысына өз сауалдарыңызда ғаламтор желісі арқылы қоюыңызға әбден болады.

Интернет-мәслихат ашудағы басты мақсат – қоғамдағы өзекті мәселеге қатысты азаматтар тарапынан туындайтын сауалдарға лауазымды тұлғалардың, шенеуніктердің жауабын жедел ұйымдастыру екенін еске салғымыз келеді. 

Осыған орай, жаңа заңнамаға, соның ішінде жол қозғалысы төңірегінде ғана емес, жалпы ел тіршілігіне еніп жатқан жаңа кодекстерге қатысты көкейде жүрген, білгіңіз келетін сауалдар болса бізбен байланысыңыз! Толғандырған сауалдарды сайттың осы айдарындағы форум арқылы қалдыруға және info@alashainasy.kz, aa_astana@mail.ru электронды пошталарымен, сондай-ақ Астана қаласының тұрғындары үшін 54-27-31; 54-27-30 байланыс телефоны арқылы қабылдай аламыз.



Құрметті, «Алаш айнасы» интернет басылымының оқырмандары!

Жаңа жыл бетпердесін аша салысымен, жол жүрісі туралы заңнамаларға енгізілген жаңа нормалар, соның ішінде, негізінен, автоорындыққа қатысты заңдағы жаңашылдық қоғамның басым бөлігінің түсінбестігін туғызғаны белгілі. Осы мәселені басты назарға алған «Алаш айнасы» интернет-мәслихаты тұщымды жауап беретін тұлғаларды іздестіргенде алғашқы боп үн қатқанның бірі - белгілі заңгер, Мәжіліс депутаты Рамазан Құмарбекұлы Сәрпеков мырза болды.

Негізінен, қоғам тарапынан наразылыққа ұрынған мәселелер талқысында құзырлы ведомствалар, кейбір саясаткерлер көбіне арттан ерер сөзден қорқып, айналып кетуді жөн көреді. Осы жағынан алғанда, «Алаш айнасы» бастамасына қолдау білдіруде Рамазан Құмарбекұлы батылдық танытып, азаматтығын көрсетті деп санаймыз. Сондай-ақ сайтқа келіп түскен сұрақтарға жауап беруде Сәрпеков мырза кейбір азаматтарға жекелей қолұшын созуға дайын екенін айтып, адамгершілік танытып жатты. Осы игі қасиеттері үшін және сайтқа келіп түскен сұрақтарға берген жан-жақты жауаптары үшін халық қалаулысы Рамазан Сәрпеков мырзаға «Алаш айнасы» оқырмандары атынан шексіз алғысын жеткізеді!

Оқырман мен Мәжіліс депутаты арасындағы әңгімені толығымен төмендегі «пікірлерді оқу» түймесін басу арқылы таныса аласыздар!

(СҰРАҚ ҚОЮ ТОҚТАТЫЛДЫ)


Көрілген: 3629    Пікірлер: 42

сәрсенбі, 28.01.2015, 11:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31