Құттықтау!

30 мамыр 2013, 13:12

Құрметті Серік Мейрамбекұлы!
Сізді және сіз басқарып отырған «Алаш айнасы» газетінің ұжымын мерейтойлық 1000-ыншы нөмірінің жарыққа шығуымен құттықтаймын! Қатаң бәсеке қалыптасып келе жатқан еліміздің ақпарат айдынында бұл сіздер үшін үлкен жетістік, биік асу еке­ні анық. 
«Алаш айнасы» алғашқы санынан-ақ қа­лың қазақ оқырманын жеделдігімен, дә­йек­тілігімен және жан-жақты мазмұны бай ақпараттық-сараптамалық, танымдық ма­қалаларымен баурады. Сол арқылы  ха­лық­қа  қызмет етуде өзгелерге ұқса­май­тын өзіндік қолтаңбаларыңызбен ерек­ше­лендіңіздер. 
Сіздерге алдағы уақытта да толайым табыс, шығармашылық шабыт тілеймін. Алар асуларыңыз бұдан да биік бола бе­руіне шын ниетпен тілектеспін.
Қ. Н. Қасымов, ҚР ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты

Республикалық «Алаш айнасы» газетінің редакциясына:
Құрметті журналистер қауымы! Қадірлі газет ұжымы!

Сіздерді мерейлі мерекелеріңіз — рес­пу­­бликалық қоғамдық-саяси газеттің 1000-шы нөмірінің жарыққа шығуымен шын жүректен құттықтаймын!
«Алаш айнасы» газеті — еліміздегі өзін­дік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары ай­­қын­­далған, қалың оқырманы қа­лып­тасқан беделді басылым. Жарыққа шық­қанына небәрі төрт жылдан асқан ба­сылым осы уақыт аралығында қызығы мен қиындығы мол үлкен жолдардан өтіп ке­леді. Газет әр жыл­дары қазақ­стан­дық­тардың ел ырысын мо­лайту жо­лын­дағы ерен еңбегін наси­хат­тап, көпшілік оқыр­ман­ға жеткізіп отырды.
Қазақстанның жасампаз істерге толы ше­жіресін жазуға «Алаш айнасы» зор ең­бек сіңіруде.  Газет ұжымы қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, ар-на­мысын қорғап, олардың әлеуметтік мә­се­ле­лерін батыл көтеріп келеді. Соның нәти­жесінде жыл сайын оқырмандар қатары көбейе түсуде. Басылымда жұмыс істейтін қалам иелерінің қарымы ерекше мол, ты­нысы кең.
Газет  ұжымына, барлық журналистерге шығармашылық шабыт, еңбектеріне табыс тілеймін!
Еліміздің Тәуелсіздігі мәңгі, келешегі жарқын болсын! Жеріміз әрқашан бей­біт­шілік пен келісімнің киелі ортасы болсын! Қа­ламдарыңыз мұқалмасын, ойларыңыз таусылмасын, «Алаш айнасы» газе­тінің ғұмыры ұзақ, оқырманы көп болсын!
Құрметпен С.С.Әбденов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Құрметті «Алаш айнасы» газетінің ұжымы!
Осыдан бес жыл бұрын ақпарат айды­ны­­на шыққан «Алаш айнасы» газеті қас-қа­ғым уақытта оқырман ықыласына бө­ле­ніп үлгерді. Әрбір оқиға барысынан ба­­­йып­ты байлам жасап, салиқалы ой-пі­кі­рін біл­дірді. Еліміздің рухани-саяси өмі­рін­дегі маңызды шараларды да қалт жі­бер­мей, ел арасында насихаттауға бел­­сене ат­са­лысып келеді. «Алаш ай­насы» алғашқы нө­­мірі оқырман қолына ти­ген күннен бас­тап Сыр өңіріндегі айшықты істерге қолдау көр­сетуде.
Жұрт сүйсіне оқитын басылымның бүгін 1000-шы нөмірі жарыққа шығып отыр екен. Осы бір атаулы оқиғаға орай газет ұжы­мын мерейлі күнмен құттықтаймын. Қа­ламдарыңыз мұқалмасын, ел ықы­ла­сы­на бөлене беріңіздер!
Ізгі тілекпен Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі

«Алаш айнасы» газетінің ұжымы!
«Алаш айнасы» – мемлекеттік саясатты жүр­гізіп отырған салиқалы басылым ғана емес, елді толғандырған, жұртты алаң­дат­қан кез келген мәселеге дер кезінде дабыл қа­ғып, оны құзырлы орындарға жеткізіп, сол арқылы оқырманның ыстық ықы­ла­сына бөленген, панасына айналған па­ра­сатты газет. Бұл басылымның қырағы на­за­рынан тыс қалған тақырып жоқ десем ар­тық айтпаған болармын. Еліміздің қос ірі ша­һары – Астана мен Алматыны былай қой­ғанда, газет аймақтардағы өзекті мә­селелер мен жағымды жаңалықтарды да жұртшылықққа бірінші болып жеткізуге асы­ғады. Бір сөзбен айтқанда, «Алаш ай­насы» – Алаш жұртының мұңын мұң­дайтын, жоғын жоқтайтын, жақсылықты жар сала жеткізіп, жұрттың басын ауыртып, бал­тырын сыздатқан түйткілге бей-жай қа­рамайтын бекзат басылым. «Алаш айнасы» оқыр­манға сонысымен де қымбат. Өт­кір­лігімен өзекті, сөзінің өтімділігімен ыстық.
Бүгін, міне, қазақ жұртының жата-жастана оқитын басылымына айналған «Алаш айнасы» газеті өзінің 1000-шы нө­мі­рін жұртшылық назарына ұсынып отыр екен. Басылым ұжымын осы бір қуа­нышты сәтпен шын жүректен құттық­таймын!
Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі

«Алаш айнасы» газетінің ұжымы!
Бүгінгі қазақтілді ақпарат кеңістігінде лайықты орны бар, байыпты да, салмақты бет-бейнесі қалыптасқан тәуелсіз га­зет­тердің қатарында «Алаш айнасының» аты ерекше аталады. Ол өзі жарық көрген аз ға­на уақыт ішінде есейді, қанаты қатайды, ешкімге ұқсамайтын ерек тұлғасын ай­шық­тап, қалың оқырманын тауып үлгерді. Ал­маты облысының қоғамдық-саяси өмірі де та­қырып аясынан тыс қалмай, облыс кө­лемінде мың жарымға жуық жетісулық аза­мат «Алаш айнасының» тұрақты оқыр­манына айналды. Бұл жеңіс газет ұжы­мының өзара үйлесімділікте жұмыс атқара бі­луінің нәтижесі болса керек.
Сондықтан бүгін басылымның 1000-шы нөмірін жарыққа шығарып отырған алаш­­тықтарға зор денсаулық, шығар­ма­шы­­лық табыс тілеймін.  Қашанда дүйім жұрт­­тың шынайы айнасы болып, алда алар асу­­ларыңыз бен шығар биіктеріңіз көп бол­­сын!
Игі тілекпен Аңсар Мұсаханов, Алматы облысының әкімі

Құрметті «Алаш айнасы» газетінің  ұжымы!
Сiздердi Алаш жұрты руханияты мен өркениетінің игі жалғасы, қазіргі қазақ бас­пасөзінің шоқтығы биік басылымы – рес­публикалық газеттің 1000-шы нөмірінің жа­рық көруімен шын жүректен құт­тық­таймын!
Республикалық «Алаш айнасы» газеті қа­зақ мемлекетінің бүгінгі тыныс-тіршілігін, қо­ғамдағы сан алуан жаңалықтарды ха­лыққа дер кезінде шынайы әрі объективті түр­де жеткізуде.
Басылым журналистеріне шы­ғар­ма­шы­лық ой ұшқырлығын, қызықты та­қы­рыптар жә­не батыл авторлық шешімдер тілеймін. Осы жолдағы жеңісті де, жемісті еңбек­те­ріңіз еселене түсіп, алдағы уақытта да алар асуларыңыз бен шығар биіктеріңіз көп бол­сын. Барлық бастамаларыңызға сәт­тілік, отбасыларыңызға қуаныш пен аман­дық, өздеріңізге зор денсаулық пен мол бақыт тілеймін!
Ерлан Арын, Павлодар облысының әкімі

Құрметті «Алаш айнасы» газетінің шығармашылық ұжымы!
Сіздерді Алты Алаштың сүйікті басы­лы­мына айналып үлгерген газеттің 1000-шы санының жарық көруімен құттықтаймын!
«Алаш айнасы» – ел-жұрттың тыныс-тіршілігін, ауыл-аймақтың әлеуетін шы­на­йы да шебер жеткізуімен құнды. Рес­пу­бликаның өзге өңірлерімен бірге басылым бе­тінде Батыс Қазақстан облысының әлеу­меттік-экономикалық саладағы жетістігі де жа­рық көріп тұрады. Алдағы уақытта га­зет­тің шығармашылық ұжымына зор табыстар тілеймін. Жазар көбейсін!
Ізгі тілекпен Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі

Құрметті «Алаш айнасы» газетінің ұжымы!
Қазақ баспасөзінің тарихында аты алтын әріптермен жазылатын басылымдар аз емес. Дегенмен еліміз Тәуелсіздік алған соң, ақпарат кеңістігіне шыққан байсалды басылымдардың орны бөлек. Солардың арасында «Алаш айнасы» да бар. Бүгін ба­сылымның 1000-шы саны жарық көріп отыр. Бұл қысқа мерзім ішінде кез келген газет пен журнал бағындыра коятындай оңай асу емес. Алайда ел мүддесін, мем­ле­кеттің ақпараттық қауіпсіздігін, оқыр­ман­ның рухани сұранысына жауап беруді бі­рінші орынға қойған «Алаш айнасы» га­зеті аталған межеге қол жеткізіп отыр. Бұл – ұжымдық еңбектің жемісі, көзі қарақты оқырмандардың берген бағасы.
«Алаш айнасы» оңтүстікқазақстандық­тар­дың да сүйікті газетіне айналды. Ұл­ты­мыз­дың ұйытқысы атанған – Оңтүстік Қа­зақ­стан өңірінде атқарылып жатқан игі іс­­­терді, аймақтағы мәдени-рухани құнды­лық­­тарды қалың көпшілік назарына ұсы­нуда газеттің сіңірген еңбегі зор.
Бүгін 1000-шы саны шыққан басы­лым­­­ның алда әлі талай биіктерді ба­ғын­ды­руына шын жүректен тілектеспін. «Алаш ай­­насы» газеті шығармашылық ұжымының алда бұдан да биік бағындырар белестері көп болғай!.
Ізгі ниетпен Асқар Мырзахметов, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі