Ниет

Құрбан айт қан шығару ғана емес...

  • Құрбан айт қан шығару ғана емес...

    Құрбан айт қан шығару ғана емес...

Нақ қазір мұсылман қауымы Ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, үш күнге созылатын Құрбан айт мерекесіне дайындықты бастап та кетті. Бұл мерекеде құрбандық шалынады, мал сойылады, мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың бірінші күнінен бастап адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады. Бұл күні әр мұсылманның үйінде мол дастарқан жайылады. Жалпы, мұсылманның Құрбан айт туралы білетін негізгі міндеттері осы. Ал енді біз Құрбан айттың нақты салмағын толық сезіне алып жүрміз бе? Құрбан айт кезінде бұдан өзге тағы қандай рәсімдер жасалуы керек? Елдегі мұсылман қауымы Құрбан айтта орындалуы тиіс шарттарды сауатты түзе алып жүр ме? Бүгін біз Құрбан айт қарсаңында осы жайттарды сараптап көруді жөн көрдік.

Бағамдасақ, Құрбан айт күнгі жасалуы тиіс ең бірінші рәсім ренжіскен, араздасқан адамдар айт намазын күтпестен таң бозы­нан тез арада татуласуға әрекет жасауы керек. Айт күні ерте тұру, ғұсыл алу, хош иіс себу және таза киіну өз алдына, көңілде ре­ніш, кірбің сақталмауы қажет.

Әбдіхамит МҰСАҒАЛИЕВ, дінтанушы-ғалым:

– Біздің елдегі мұсылман қауы­мы­ның басым бөлігі Құрбан айтта құр­бан­дық шалынса болды деген оймен, бұл айттың ара салмағын нақты білмей, білім­сіздік танытып жатады. Жалпы, Алла тағаланы жақсы көретін адамдар бір-бірінің кемшілігін көрмейді, бәрі­мен тату, кең бауырлы болады. Жақсы кісі барлығымен жақсы мәміледе бо­лып, ешкімге зиянын тигізбейді. Бұхари хадисінде нақ осы Құрбан айт күніне байланысты: «Бір-біріңмен ара қаты­нас­тарыңды үзбеңдер! Бір-біріңнен бұрылып кетпеңдер! Бір-біріңмен өштеспеңдер! Ей, мұсылманның құл­дары, бір-біріңмен бауыр болыңдар! Бір мұсылманның басқа бауырмен араз­дасуының үш күннен асуы халал болмайды. Құрбан айт күні бір-бірімен араздасқан адамның қайсысы бірінші болып сәлем берсе, күнә кешіріледі. Демек, Құрбан айтта бірінші жасалар рәсім реніштен арылу болмақ» делін­ген. Міне, бұл бізге сабақ болатын дүние. Көпшілігіміз осы жайтқа назар ау­дарғанымыз абзал. Айт күні, ең алдымен, көңілдегі реніштен арылған жөн. Басқа рәсімдерді жасамас бұрын көңіл­дегі ренішті кетіру, ренжіскен ада­мыңнан кешірім сұрау үлкен сауап болмақ.


Құрбан айтта ендігі бір ескерілетін дүние – құрбандыққа шалынар малдың өзіндік шарттарынан шатаспағанымыз абзал. Мысалы, құрбандыққа шалынар малдың ешқандай кемістігі болмауы керек. Құла­ғы жоқ, бір мүйізі жоқ, тістері жоқ, ақсақ, ауруы айқын болып тұрған малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбан­дық шалып жатқан адам ең абзал болған малын шын көңілімен, шынайы жүрегімен ниеттеніп шалуы қажет. Бұдан кейін тағы бір ескерілуі тиіс нәрсе құрбандыққа күні бұрын біреуге сыйға беріліп қосса да, мал иесінің өрісінде жүрген біреуге атаған малды шалуға болмайды. Сондай-ақ түйе мен сиырды жеті адам бірігіп шалуға болады. Құр­бандық міндетті түрде айт намазы оқылып болғаннан кейін шалынуы керек. Айт намазына дейін және айт намазы уақытында сойылған мал құрбан­дық болып есептелмейді.

Аманғали ІРГЕБАЕВ, діни рәсімдерді атқа­рушы ұстаз:

– Құрбан шалуды ниет еткен адам, мүм­кіндік болса, сол күні еш нәрсе жемей, өзі шалған малдың етімен таң­ғы оразасын ашса, үлкен сауап бо­ла­ды. Бұдан соң құрбандықтың етін үшке бөлген абзал. Үштен бір бөлігі – өзіне жеуге, үштен бір бөлігі – сый ретінде таратуға, үштен бір бөлігі – садақа ретінде таратуға. Ислам ғұламалары құрбандыққа шалынған малдың етін, іш майын, терісін сатуға тыйым салы­на­тындығы жөнінде бірауыздан келіскен. Сондай-ақ қасапшыға да құр­бан­дықтың еті немесе басқа заттарынан ақы ретінде ешнәрсе беруге болмайды. Қасапшының еңбекақысы одан бөлек бағалануы тиіс. Құрбандыққа шалын­ған мал тек үштен бір бөлікке бөлініп үлес­ті­ріледі, садақаға беріледі.


Бұдан соң қайтыс болған адам үшін құрбан шалудың шариғат бойынша өзіндік үкімі де бар. Егер қайтыс болған адам өз дүниесінің үштен бір бөлігінен ұрпақтарына мұрагерлік өсиет етіп қалдырған болса, онда оның балаларына бұл міндетті, яғни уәжіп болады. «Ал тірі адам өлген адамның (атасы, анасы, бабасы, ағасы,т.б.) атынан өз қалауымен құрбан шаламын деп ниет етсе, бұл да сауапты және жақсы амал бо­лып табылады және өлген адам атынан са­дақа болып та есептеледі» дейді маман­дар.

Негізінде, Құрбан айт кезінде «құр­бан­дық шалынып, қан шығарылса болды» деген қате түсінікпен қайсыбір қауым өте ұсақ малын да құрбан етіп жатады. Деген­мен құрбандыққа шалынатын малдың белгілі жасқа жеткен болуы шарт. Мысалы, құрбандыққа шалу үшін қой – алты айға, ешкі – 1 жасқа, сиыр – 2 жасқа, түйе 5 жасқа келуі керек. Жалпы, Құрбан айтта құрбандық шалуға қарым-қабілеті жететін қауымға осы шарттарды орындау мін­дет­те­леді. «Ал құрбандық шалуға шамасы жете бермейтін, тұрмыстық ахуалы тым тө­мен мұсылман қауымы бұл күндері Аллаһқа мадақ айтып, бір-біріне кеші­рім­ді, мейірімді, тілеулес болса игі» деседі дінтанушылар.




Көрілген: 2693    Пікірлер: 0

сенбі, 12.10.2013, 13:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30