1 қаңтарда жоғалып кеткен жеткіншек өлі күйінде табылды
Алматыда 1 қаңтарда жоғалып кеткен жасөспірім өлі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
 
16 жастағы жігіт 1 қаңтар күні сағат 10.00 шамасында Жетісу ауданындағы үйінен белгісіз бағытқа кетіп, жоғалып кеткен. Оны  еріктілер, полиция, құтқарушылар іздестірген. 4 қаңтарда жасөспірім өлі күйінде табылды.
 
Мәліметтерге сүйенсек, бұл суицид болған. Жас жігітті көпірдің астында асылып тұрған күйі тауып алған. Бұл қадамға оның себепті барғаны белгісіз.  lider.kz еріктілері марқұмның отбасына көңіл айтты.