Оқиға

7 жастағы бала полициядан қашқан мас әкесінің көлігінде ажал құшты

  • 7 жастағы бала полициядан қашқан мас әкесінің көлігінде ажал құшты

    7 жастағы бала полициядан қашқан мас әкесінің көлігінде ажал құшты

Қостанай облысында жеті жасар бала жол апаты салдарынан ауыр жарақат алып, көз жұмды. Полицейлердің хабарлауынша, көлік жүргізуші мас болған және патрульдік экипаждан қашып кетуге әрекеттенген.

Қайғылы оқиға 19 шілде күні түн ортасында Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Архиповка ауылында болды, деп хабарлайды Sputnik.kz alau.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел штабтың мәліметінше, 32 жастағы жүргізуші мас күйде өзінің Volkswagen көлігіне отырған. Салонда өзімен бірге жеті жасар баласы болған.   

Күдік туғызған автокөлікті жол-патрульдік полиция жасағы тоқтатпақ болған, осы кезде ер адам тәртіп сақшыларынан жасырынуға тырысқан.

"Салдарынан ер адам рөлге ие бола алмай, көлік жыраға аударылып кетті. Салонда болған заң бұзушының жеті жасар баласы апаттан көз жұмды. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы үшінші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарланды жедел штаб отырысында.  

Жол апатына кінәлі адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.07.2020, 10:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30