Оқиға

7 жастағы қыз анасын құтқарып қалды

  • Фото - fotokto.ru

    Фото - fotokto.ru

7 жастағы қыз әкесінің анасын ұрып-соғып жатқаны туралы «102» пультіне қоңырау шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

«Учаскелік полиция инспекторы оқиға орнына дереу келді. Тексеру барысында отбасының 43 жастағы отағасы ішімдік ішіп, тұрмыстық негізде отбасылық жанжал тудырып, әйелін ұра бастағаны анықталды. Қорқып қалған қыз полицейлерді шақырды», - делінген хабарламада.

 

Отбасылық жанжалды шығарған ер адамнан аңшылыққа арналған қару тәркіленді.

 

«Аталған факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73-ші бабы бойынша іс қозғалып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды», - деді департаменттен.

 

Еске сала кетсек, елордада «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы жалғасуда. Оның мақсаты - қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын-алу бойынша азаматтармен түсіндіру әңгімелерін өткізу. Жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 263 мыңнан астам үйді аралап шықты.

 




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 16:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31