Оқиға

Әжетхана шұңқырына түсіп кеткен 1,5 жасар бала құтқарылды

  • http://pavlodarnews.kz/

    http://pavlodarnews.kz/

Оқиға бүгін, түстен кейін сағат төрт жарым шамасында орын алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

 

Бұл туралы агенттікке Аққулы ауданының тұрғыны Аманжол Еренұлы мәлім етті.

 

- Аудандық аурухана қабылдау бөлімінің қызметкері Абылай Келесұлы үйіне қонаққа келген отбасының кішкентай баласы бір мезетте көз алдынан жоқ болып кеткен, - дейді Аманжол Еренұлы.

 

- Дереу отбасымен балғынды іздеуге кірісті. Арада 15 минуттай уақыт өткен кезде анасы баланың септикке түсіп кеткенін көрген. Септиктің іші толмағаны жақсы болды. Айтуынша, көмекке 28 жастағы Қайрат Асылов деген азаматты шақырған. Ол «Қазпошта» бөлімшесінде күзетші болып жұмыс істейді.

 

- Септиктің ішіне кез келген адам кіре алмайды. Себебі, аузы өте тар. Қайрат өзінің ептілігі мен шапшаңдығының арқасында жылдам әрекет етіп, бүлдіршінді алып шықты. Баланы алып шыққан кезде ес-түссіз жатқан. Абырой болғанда, барлығы жақсы аяқталды, - дейді Аманжол Еренұлы.

 

Болған жағдай туралы аудандық аурухана қабылдау бөлімінің медағасы Абылай Келесұлының өзі былай деп баяндайды:

 

- Бүгін таңертең қырға қой қырқуға кеткен едік, - дейді ол.

 

- Жұбайым мен келін үйде балалармен қалған. Жолда көлік тоқтап қалып, үйге хабарласқан кезде баланың септикке түсіп кеткені туралы айтты. Содан дереу үйге жүгірдім. Тесікке өзім сыймаған соң, досым Қайрат түсті. Алып шыққан кезде баланың беті көгеріп кеткен. Жасанды тыныс алу жасап, аузынан артық заттар мен суды шығардым. Әрі қарай жедел жәрдем аудандық ауруханаға алып кетті.

 

Дәрігерлер баланың комаға түскенін айтып, қаладан санавиация шақырған. Алайда біраз уақыт өткен соң сәби есін жиып, анасын шақыртқан.

 

- Қазіргі таңда балғын облыстық балалар ауруханасында жатыр. Есін жиды. Ең бастысы, аман қалды, - дейді медицина қызметкері.

 




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.06.2020, 01:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31