Оқиға

Ақмола облысында 26 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақмола облысында осыдан 6 күн бұрын із-түзсіз жоғалған 26 жастағы қыз іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы ақпанның 11-да Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне Симферополь ауылының 57 жастағы тұрғыны хабарласып, 26.06.1993 жылы туған қызы Шолпан Жұмабекқызы Ахметті іздеп табуға көмектесуді сұраған.

 

Әйелдің айтуынша, 7 ақпаннан бастап қызының қайда жүргені белгісіз.

 

Жоғалған қыздың бойы - 156 см, дене бітімі орташа, шашы қара түсті, ернінің оң жақ тұсында меңі бар. Үстіне жасыл түсті, тізесіне дейін ұзын куртка, шашағы бар қара шәпке, көк түсті джинсы, аяғына қоңыр түсті, бауы бар бәтеңке киген.

 

«Анасының айтуынша, қызы 7 ақпан күні Көкшетау қаласындағы ХҚО кеткен. Кейін анасы хабарласқанында ұялы телефоны өшірулі болған. Содан бері еш хабар жоқ», - дейді ведомвстодан.

 

Қазіргі кезде, қыздың жүрген жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

 

Тәртіп сақшылары Шолпан Жұмабекқызын көрген және жүрген жерін білетін адамдар болса, «102» арнайы желісіне хабарласуды сұрайды.

 




Көрілген: 340    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2020, 16:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30