Оқиға

Ақмола облысында әріптестерінің көзінше полицейді көлік қағып кетті

  • Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақмола облысы Есіл қаласының маңында әріптестерінің көзінше полиция қызметкерін көлік қағып кетті. Қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Есіл ауданының әкімдігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Боран мен ауа райының нашарауы салдарынан жол апаты орын алып, Есіл аудандық полиция бөлімі уақытша ұстау изоляторының қызметкері зардап шеккен.

 

35 жастағы ер адам аудан орталығынан отыз шақырым жердегі Двуречный ауылында тұрады. Ол жұмысқа күн сайын өз көлігімен барады екен.

 

12 қаңтар күні де полицей сағат таңғы 10 шамасында жұмысқа бара жатқан, алайда жолда көлігі бұзылған.

 

Есіл аудандық әкімдігінің айтуынша, полицей көлігін тексрмек болып, тоқтап, капотын ашқан. Осы кезде ер адамды көрген патрульдік полиция қызметкерлері де тоқтаған.

 

Бұзылық ауылының тұрғыны басқарған Volkswagen Passat полицияға қарай келе жатып, жолда тұрған көлікті соғып, полицейді қағып кеткен.

 

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Оған миының шайқалуы, деен жарақаты мен аяқтарының сынуы диагнозын қойған.

 

Сараптама нәтижесі екі жүргізушінің де мас емес екенін көрсеткен.

 

Жол апатын жасаған ер адам да аудан орталығына жұмысқа бара жатқан.

 

Қылмыстық іс қозғалды.

 

Соқтығысудың алдын алуға мүмкіндік болған-болмағанын тексеру үшін сараптамалар жүргізілуде.

 




Көрілген: 296    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 16:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31