Оқиға

Ақмола облысында жоғалған бойжеткен Нұр-Сұлтаннан табылды

  • http://obozrenie.kz/

    http://obozrenie.kz/

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 17 жастағы жасөспірім қыз Нұр-Сұлтан қаласында жүрген жерінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның мәліметінше, 2020 мамырдың 22-де Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Талапкер ауылының тұрғыны, 38 жастағы әйел хабарласып, 17-і жастағы қызын іздеп табуға көмек сұраған.

 

Анасының айтуынша, қызы мамырдың 21-де сағат 10:30 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

 

«Жасөспірімді іздестіру үшін криминалдық полиция қызметкерлерінен арнайы топ құрылды. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің туыстары мен таныстарынан сұрастырды, жақын маңдағы үй аулаларын тексерді. Нәтижесінде бойжеткен Нұр-Сұлтан қаласының Орман зауыты шағын ауданынан табылды»,-дейді ведомство өкілдері.

 

Полицияның хабарлауынша, жасөспірім дін аман, үйіне қайтарылып, өзімен және ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.


 




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 01:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31