Оқиға

Ақтаудағы 14 жастағы баланың өлімі: алдын ала нұсқалар аталды

  • Фото: lada.kz/оқиға орны

    Фото: lada.kz/оқиға орны

3 маусымда Ақтауда 14 жастағы жасөспірім қаза болды. Сарапшылар қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін екі нұсқаны атады. Ол қоршаудан құлағанан немесе электр тогы соққаннан болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

 

Қайғылы оқиға 23 маусымда сағат 22:00 шамасында "Волна" базары мен № 7 мектеп-лицейі қоршауының ортасында болған.

 

Бүгін Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Ғұсман 5-ші шағын ауданда қаза болған жасөспірімнің өліміне нақты не себеп болғаны әлі анықталмағанын айтты.

 

"Бүгінде тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Медициналық сараптама нәтижелері бойынша өлімнің нақты себебі анықталады. Бала қоршаудан құлаған кезде қатты жарақат алған болуы да мүмкін. Қоршау биіктігі - 2,5 метр. Бас сүйегі зақымданған. Соққыдан қаза болуы да мүмкін. Ата-анасының айтуынша, ол қоршауға шығуға тырысып, сол кезде құлаған. Қазір нақты жауап айтуға ерте. Баланың өліміне кім жауапты болады, тергеу қорытындысы бойынша анықталады", - деді Серік Ғұсман.

 

Сондай-ақ, Ақтау әкімінің орынбасары 15 маусымнан бері көше жарығына қызмет көрсетумен "Ақтау Сервис Құрылыс" ЖШС айналысатынын айтты. Компания директоры Әбдіғалиев Есенжол Қуандықұлы.

 

"Бүгінде тұрғын үй кешені желісі бойынша ішкі тергеу басталды: электрмен жабдықтау, сымдар және т.б. жұмыстар бойынша, оның ішінде бағанаға қатысты. Бүгін жедел жиналыс өткізіліп, барлық сервистік компаниялар мен ПИК-ке ішкі желілерін, көшені жарықтандыруды, электр жабдықтарының жай-күйін қаланың барлық шағын ауданында толық тексеру үшін тиісті нұсқаулар берілді. Жоспарланған жұмыстар нақты жүргізіліп жатыр. Бірақ қала бойынша 12 255 баған бар, оның ішінде 8122 шам, 5183 жарықдиодты шам, сымдар - 409 шақырым, әуе желілері - 68 шақырым, трансформаторлар - 198. Қалалық білім бөліміне мектепішілік желілерді, ал мердігерге барлық қалалық желіні тексеруді тапсырдық", - деді ол.

 

Серік Ғұсманның айтуынша, егер жасөспірімнің өліміне электр тогының соғуы себеп болса, онда тиісті органдар бұл үшін жауап береді.

 

"Біз тергеу жүргіземіз. Бұл қызмет көрсеткен немесе жұмыс істеп жүрген бұрынғы қызметкерлердің немқұрайлығы. Келісім-шартта мұның бәрі жазылған", - деді Серік Ғұсман.

 

 




Көрілген: 829    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.06.2021, 17:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31