Оқиға

Ақтөбеде жанып кеткен үйдің ішінен екі адамның денесі табылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтөбе қаласы Қурайлы ауылында жеке үй өртеніп, оқиға орнынан екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.


Бүгін сағат 11:24-те өрт сөндірушілерге Ақтөбе қаласы, Қурайлы ауылында жер үйдің отқа оранғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына 4 көлік пен 16 адам жіберілді.


«Ең жақын өрт сөндіру бекеті 22 шақырым қашықтықта болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына арада 20 минут өткенде жетті. Ол кезде үйдің негізгі бөлігі түгел жанып кеткен болатын. Өрт 12:19-да толық сөндірілді. Үйден 1943 жылы туған Елена Саквина мен 1963 жылы туған Сергей Саквиннің денесі табылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


Алдын ала белгілі болғаны - өрт абайсызда тұтанған, яғни, төсекте жатып, темекі шеккеннен шыққан.


Айта кетейік, оқиға орнына газ қызметі, электр желісінің жұмысшылары мен полиция, апатты медицина қызметі барды.


 




Көрілген: 626    Пікірлер: 0

сенбі, 20.04.2019, 18:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31