Оқиға

Ақтөбеде жоғалып кеткен жүкті келіншек табылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтөбеде 5 наурыз күні үйінен шығып, із-түзсіз кеткен Динара Зарипова бүгін Орталық базардан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 10 күн бұрын жоғалған Динара Зарипова табылды. Оны іздеу жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері бағыт-бағдар хабарламасын беріп, туыс-туғандарын, таныстарын аралап шықты. Келіншек бүгін Орталық базардан табылды, дені сау. Қазіргі кезде хабарсыз кету себебі анықталып жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.


Айта кетейік, Динара Зарипованың сіңлісі Гүлмира Зарипова көмек көрсеткен адамдарға алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, 32 жастағы әйел Динара Зарипова хабарсыз кетті. Туған-туыстары полицияға хабарласып, көмек сұрады.


 




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

жұма, 15.03.2019, 17:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31