Оқиға

Ақтөбеде сәбилі болуды армандаған жас келіншектің өліміне қатысты сот отырысы өтуде

  • Ақтөбеде сәбилі болуды армандаған жас келіншектің өліміне қатысты сот отырысы өтуде

    Ақтөбеде сәбилі болуды армандаған жас келіншектің өліміне қатысты сот отырысы өтуде

Ақтөбеде жеке медициналық орталықтағы операция кезінде жұмған Гүлдана Нұрмағанбетованың ісіне қатысты сот отырысы өтуде. Қылмыстық іс бір жылдан астам уақыт бойы тергелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 жастағы Гүлдана Нұрмағанбетова өткен жылдың қазан айында Ақтөбе қаласындағы «Әлия» медициналық орталығында көз жұмды. Айдос пен Гүлдана Нұрмағанбетовтер бір жыл бойы сәби сүйе алмаған соң жеке емханаға барып, гинеколог дәрігерге қаралған. Кешенді ем жүргізуді ұсынған дәрігер Әлия Шаргараева кейін жас келіншекті акушер-гинеколог Ольга Ли-Ко-Шин-Фетерге тапсырады. Операция жасаған да сол дәрігер. Алдын ала болжам бойынша Г.Нұрмағанбетова анафилактикалық шоктан көз жұмды.

Кейін Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігімен, яғни, медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы бабымен іс қозғалды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бүгін №2 Ақтөбе қалалық сотында іс қаралды.

«1998 жылы туған Гүлдана Нұрмағанбетова бір жыл бойы сәбилі бола алмаған. 2019 жылдың 16 сәуірі күні «Әлия» медциналық орталығына барды. Оны акушер гинеколог Әлия Шангараеваның өзі қабылдап, бедеуліктен емдеуге жіберді. Сол кезде эндометрия диагнозы қойылды. Әрі қарай Ольга Ли-Ко-Шин-Фетерге ем жүргізді. Дәрі-дәрмек беріп, емделді. Арада 4,5 ай өткен соң ғана жәбірленуші Гүлдана Нұрмағанбетова медициналық орталыққа қайта барды. Дәрігер науқастың дәріге аллергиясы, жұқпалы ауруы бар-жоғын тексеруі керек еді. Сол кезде медициналық ем жүргізіліп, ота жасалды. Науқас орталықта көз жұмды», - деді прокурор сот отырысы кезінде.

Онлайн өткен сот отырысы кезінде сотталушы Ольга Ли-Ко-Шин-Фетер өз кінәсін мойындамады.

«Әйеліміз екеуміз балалы бола алмаған соң толық тексеруден өтуге кеңес берді. Жұбайым «Әлия» медициналық орталығын таңдады. Алдымен 2019 жылдың 16 cәуірі күні бардық. Маған бірден ұнамады. Ақысы қымбат болды, баса назар аудамады. Кейін бізге Ольга Ли-Ко-Шин-Фетер ем жүргізеді деп шешім қабылданды. Әйелім әлеуметтік желі арқылы хабарласып тұрған екен. Мен бұл іске көп араласпадым. Сөйтіп 2019 жылдың қазан айында бардық. 14 қазан күні мен жанында болдым. Дәрі қабылдаған соң ауырсынды, кейін Ольга Ли-Ко-Шин-Фетер кабинетіне алып кетті. Шынын айтқанда, олар жедел көмек бере алмады», - деді Айдос Нұрмағанбетов.

Сот отырысы жалғасып жатыр.




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.12.2020, 09:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31