Оқиға

Әлемдегі ең қарт адам өмірден өтті

  • Әлемдегі ең қарт адам өмірден өтті

    Әлемдегі ең қарт адам өмірден өтті

Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұлын балтамен ұрып өлтірген Владислав Грековтің ісі қаралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТоболИнфо сайтына сілтеме жасап.

Көз жұмған Василий Скиданенконың бауыры Елена Грекова жәбірленуші ретінде сотқа қатысып отыр. Ол отбасында бақытты өмір кешпегендерін мәлімдеді. Әкесі есірткімен айналысып түрмеге қамалса, анасы балаларын тастап өз бетімен кеткен. Бауыры екеуі 2000 жылдан бастап интернатта өскен.


“Біз интернатта тәрбиелендік, ал 2005 жылы әжеміз оларды ата-ана құқығынан айырды. Бізді мұғалімдер тәрбиеледі. Ата-ана жылуын көрген жоқпыз, махаббатын сезінбедік. Василий екеуміз интернаттан шыққасын адам төзгісіз күн кештік”, – дейді жәбірленуші.

Елена Грекова ағасы мен әкесінің жиі жандалдасқанын жеткізді. Тіпті олар бір-бірін өлтіретіндерін айтып та жүрген. Ақыры, әкесі ұлын өлтіріп тынған.

Бауырынан айрылған әйел түрмедегі әкесінен өтемақы ретінде 1 млн теңге талап етіп отыр. Сот әзірге шешім шығарған жоқ, іс қаралып жатыр.

Қайғылы оқиға биыл 26 маусымда болған. 30 жастағы Василий Скиданенко әкесі Владислав Грековтің жұмыс орнына барады. Ол жекеменшік кәсіпорында күзетші болып істеген. Әкелі-балалы екеуі жанжалдасып қалған. Баласы әкесіне түрлі боқтау сөздерін айтқан. Ашуға булыққан 73 жастағы Владислав Греков ұлын балтамен 11 рет ұрып өлтірген. 

Stan.kz




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 00:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31