Оқиға

Алматы: Газ тарату қоймасында жойқын жарылыс болды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Алматыдағы газ тарату қоймасында жарылыс болды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

 

Алайда газ толтырылған баллондар бір шақырым жерге дейін ұшып, үйлерге соғылған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды тез ауыздықтап үлгеріпті. Әйтпесе көгілдір отынға толы автоцистерна жарылып, жан-жағын түгел жайпауы мүмкін еді. Оқиға орнына барып қайтқан тілшіміз айтып береді.

 

Газ тарату қоймасындағы жарылыс түскі сағат 2-лер шамасында басталған. Алдымен көгілдір отын таситын көлік отқа оранып, қызыл жалын газ баллондарына толы қоймаға ұласыпты. Осыдан кейін нағыз сұмдық басталған.

Себебі, қысымға шыдамаған баллондар бірінен-кейін бірі атылып, жарықшақтары 500 метрге дейін шашылған. Тіпті кейбірі бір шақырымдағы үйдің ауласына дейін ұшып келіпті.

Абырой болғанда есік алдында жүрген үй иесіне тимей, қабырғаға соғылған. Тіпті бұл сәт бақылау камерасына да жазылып қалыпты. Бір ажалдан аман қалған тұрғындар есін жия алмай есеңгіреп жүр.

 

Евгенья Гордеева, Алматы қаласының тұрғыны:

 

- Үйде отырғанмын. Жарылыстың даусы естілген соң, жүгіріп далаға шықтым. Қара түтін басып, бір шақырымда тұрған бізге ыстық леп сезілді. Бір мезетте газ баллоны ұшып келіп, дәл аулама құлады. Бір метрдей қисық ұшқанда мені жұлып әкетер еді.

 

Оқиға орнына 15 арнайы техника мен 60-қа жуық өрт сөндіруші келген. Қойма орналасқан көше дереу жабылып, қозғалыс тоқтатылды. Өйткені газ қоймасындағы 40-50 баллон атылып кеткен.

Ал өрт болған жерде 100 текше метр көгілдір отын құйылған автоцистерна тұр.

«Егер өрт соған тигенде айналадағы үйлер мен басқа да нысандардың күлі көкке ұшар еді», - дейді құтқарушылар.


Ерлан Әлібеков, Алматы қалалық ТЖД бастығының орынбасары:

 

- Өрт сөндіруге жарылыстар кедергі келтірді. Өйткені 40-тан астам баллон атылған. Десе де қызыл жалынды жарты сағатта сөндіріп, газ таситын автоцистернаны аман алып қалдық. Егер ол жарылғанда, радиусы 500 метр аумақты түгел қиратар еді.

 

Расымен де LT газ компаниясының қоймасы үйлердің қақ ортасында орналасқан. Жақын маңдағы тұрғындар өзін оттың үстінде отырғандай сезінеміз дейді. Сондықтан өртке қауіпті нысанды бұл жерден көшіруді талап етіп отыр.

 

Ал газ қоймасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тиісті органдар жалынның неден тұтанғанын да анықтап жатыр.


 

ktk.kz




Көрілген: 311    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 09:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31