Оқиға

Алматы облысында екі үлкен дүкен отқа оранды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматы облысының өрт сөндірушілері Іле ауданы, Чапай ауылындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Облыстың төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 3 қыркүйек күні сағат 07:43-те өрт туралы шұғыл қоңырау келіп түскен.

 

- Сағат 07: 44-те оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар қызметінің оқиға орнына жақын үш өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары аяғынан тік тұрғызылды: 15 жеке құрам және бес техника бірлігі, сондай-ақ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті төрт адамы мен техника бірлігі де жұмылдырылды.
Алғашқы бөлімшелер сағат 07: 58-де оқиға орнында жеткенде (14 минут ішінде, жақын маңдағы бөліммен арадағы қашықтық - 15 км) екі қабатты "Арман" және "Николь" дүкендерінің өртеніп жатқандығын анықтады.

 

Өрт сағат 08: 26-да тез оқшауланып, 09: 25-те сөндірілді. Өрттің аумағы 761 шаршы метрді құрады, оның ішінде "Арман" дүкені - 610 шаршы метр (шатырын қоса алғанда) және "Николь" дүкені - 151 шаршы метр (шатыры да өртенді). Зардап шеккендер жоқ.

 

Өрт сөндірушілер қызыл жалынның жақын маңдағы дүкендер мен жеке тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді.

 

Өрттің шығу себептерін анықтау үшін сол жерде өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/p/CEqZFV_JTgR/




Көрілген: 637    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 17:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31