Оқиға

Алматы облысында қараусыз қалған шахтадан үш жас жігіттің мәйіті табылды

  • Көрнекі фото: pochel.ru

    Көрнекі фото: pochel.ru

Алматы облысы Текелі қаласында 25-26 жастағы үш жігіттің мәйіті қараусыз қалған шахтадан табылды. Қаза болған жігіттердің құжаттары, ақша мен ұялы телефондары өздерімен болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.


Қайғылы жағдайды Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев растады.


"Қайғылы жағдай туралы маған тиісті қызметтер таңертең хабарлады. Жігіттер тауға демалуға шығып, қараусыз қалған шахтаға кіріп, газға уланып қалған болулары мүмкін. Таудағы шахта осыдан ширек ғасыр бұрын жабылып қалған. Жазда малшылардан басқа ешкім болмайды. "Кіруге болмайды, қауіпті" деп шахтаның аумағына жазылған арнайы белгілер қойылған", - деді Бақтияр Өнербаев.


Қазір мәйіттер сот-зертханалық сараптамаға жіберілген.


1993-1994 жылғы жігіттердің нақты неден көз жұмғаны сараптамадан соң белгілі болмақ. 




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.03.2019, 09:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31