Оқиға

Алматы облысында қыз алып қашқан үш жігіт ұсталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы облысында полиция қызметкерлері қыз алып қашқан күдіктілерді қолға түсірді деп жазады KAZ.NUR.KZ   порталы.

 

Facebook әлеуметтік желісіндегі Не молчи KZ тобында жарияланған жазба авторы жол бойында қыз алып қашу оқиғасының куәгері болғанын жеткізген.

 

Оның сөзінше, "Ауди" маркалы көлігіне бірнеше ер адам қызды күштеп мінгізіп, белгісіз бағытқа алып кеткен. Бұл туралы куәгерлер тәртіп сақшылары хабарлаған. Кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктілерді қолға түсіргені белгілі болды.

 

"Қыз алып қашқан" ер азаматтар Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылының маңында тоқтатылды. Олар полиция бөлімшесіне жеткізілген. Онда жігіттердің бірі қызды үйлену үшін алып қашқанын айтыпты.

 

Қазіргі кезде жәбірленуші босатылды. 28 жастағы Талғар ауданының тұрғыны полицияға арыз жазған. Күдіктілерден жауап алу және факт бойынша материал жинау жалғасуда.

 




Көрілген: 839    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.07.2020, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30