Оқиға

Алматы облысында мектеп директоры асылып өлді

  • Алматы облысында мектеп директоры асылып өлді

    Алматы облысында мектеп директоры асылып өлді

Алматы облысы Ават ауылында 46 жастағы мектеп директорының асылып тұрған денесі қорадан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Экпресс К” басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Жазбаға сәйкес, көз жұмған Азизжан Дараев 2011 жылдан бері Г.Садвакасов атындағы мектепте жұмыс істеген. Оның артында үш баласы қалды. Ауыл тұрғындары мектеп директорының парасатты адам болғанын айтады. Сөздерінше, оның өлім себептерін жіті тексеру керек. 

 
“Қол астындағы қызметкері мен білім ошағының басшысының арасында жанжал болған. Мектепте құйтырқы әрекеттерге барған үшін педагог жұмыстан шығарылған. Десек те, әлгі қызметкер сот арқылы қайта оралып, директорға қоқан-лоқы көрсеткен. Соттың барлық инстанциялары арқылы шағым түсірген”, – делінген жазбада. 

Оқиға бойынша облыстық ПД өкілдері пікір білдірді. Қазіргі таңда мектеп директорының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. Марқұмның мұндай әрекетке не себепті барғаны анықталуда. 




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 13:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31