Оқиға

Алматы облысында найзағай түсіп, екі адамның өмірін қиды

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

Панфилов ауданында найзағай түсіп, екі адам қаза тапты. Бұған қатысты Алматы облысының жергілікті әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Қайғылы оқиға туралы ақпарат мессенджерлерде кеңінен тарады.

 

Онда Жаркент қаласының жанынан екі адамның өртенген денесі табылғаны айтылған. Сонымен қатар марқұмдардың өліміне найзағай себеп болуы мүмкін екені хабарланды.

 

"Өздеріңізді қалай сезініп тұрсыздар, ауылдастар? 28-іне қараған түні не болғанын естідіңіздер ме? Нөсер жаңбыр кезінде далаға шықпаңыз. Жаркент маңындағы далада найзағай түсіп, екі адам көз жұмды", - делінген хабарламада.

 

Бұл ақпаратты Панфилов ауданының әкімдігі растап отыр.

 

Найзағайдың құрбандары жергілікті екі тұрғын болған. Олардың мал жайып жүргені айтылды.

 

"Расында, бұл факт 28 мамырда тіркелді. Кешке ауа-райы бұзылып, жаңбыр жауып, найзағай тұрды. Жайылымнан келе жатқан 1965 және 2002 жылы туған екі ер адам ағаштың түбін паналған. Найзағай оларға тікелей түскен. Қаза тапқан екі ер адам түрлі отбасының өкілдері", - деді Панфилов облысы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағатұлы.

 

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті найзағай салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы хабардың 28 мамырдан 29 мамырға қараған түнгі сағат 23.30-да түскенін нақтылады.

 

Департаменттің баспасөз қызметі факт жазатайым оқиға ретінде тіркелгенін атап өтті.

 

 

 




Көрілген: 1642    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 19:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31