Оқиға

Алматыда 15 жасар бала спорттық жаттығу кезінде көз жұмды

  • © cmei.com.ua

    © cmei.com.ua

Алматы қалалық полициясы спорттық жаттығу кезінде көз жұмған жасөспірімнің өлімін тергеуге алды, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.


- 15 жастағы жасөспірімнің кенеттен қайтыс болу фактісін Алмалы аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

7 қарашада спорттық жаттығу кезінде жасөспірімнің кенеттен қайтыс болғанын Facebook желісін қолданушысы Жібек Жолдасова жазды.


- Кеше менің ұлым және оның командасындағы балалар қатты шошып қалды. Олардың көз алдында өзі секілді бала мерт болды. Бәрі спорттық жаттығу кезінде болған. Балам ол күні өздеріне көп ауыр салмақ салынбағанын айтады. Денелерін қыздырып, артынан ойнап жүрген. Сол кезде жасөсіпірім жүрегін ұстап, жерге құлап, содан мерт болған. Екі жедел жәрдем көлігі келген, бірақ баланы аман алып қала алмапты. Жасөсіпірімдер, небәрі 13-15 жас аралығындағы. Жаттығуда денсаулық туралы анықтама бірінші күні-ақ талап етіледі. Барлық бала сондай анықтама өткізген, тіпті біз ұлымыздың жүрегінің УЗИ-ін де өткізгенбіз" деп жазды ол.

Кеше жаттықтырушының өтініші бойынша барлық ата-ана келіп, полицияға куәлік беріпті.


- Ұлым әлі есін жия алмай жүр. Қасында жаңа ғана секіріп, жүгіріп жүрген жолдасы енді жоқ. Балаларыңыздың денсаулығына дұрыстап қараңыздар. Ажал айтып келмейді деген осы. Туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтамын, - дейді әйел.


Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар баланың жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмғанын айтты.


 




Көрілген: 192    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 15:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30