Оқиға

Алматыда 4 баласымен тауда қалған отбасы құтқарылды (фото)

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда құтқарушылар 4 баласымен тауда қалған отбасын құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Республикалық жедел құтқару жасағының хабарлауынша, тауға кеткен отбасының қайтып оралмағаны туралы хабарлама сенбі күні кезекші пультіне түскен.


«4 баласын ерткен ерлі-зайыпты Талғар ауданындағы тауларға көлікпен серуендеп шыққан. Серуеннен қайтып келе жатқанда қатты нөсер жауып кеткен. Соның кесірінен көлік Талғар ауданындағы жолсыз жерлерде балшыққа батып қалған. Өздері көлікті шығарамын дегенше қараңғы түсіп кеткен» делінген хабарламада.


Шұғыл хабарламадан соң тауға қарай 6 құтқарушы шыққан. Тауға шығып бара жатқанда құрғақ жол аяқталып, лай жермен жүруге тура келген. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде балалар тоңа бастаған.


Ал ата-анасында сәйкес аяқ киім болмаған. Құтқарушылар көлікті шығара алмаған соң, отбасы мүшелерін жаяу алып түскен. Олар балаларды өз күртешелеріне орап, 4,5 шақырым жер жаяу алып жүрген», - деді жасақтың баспасөз қызметінен.


Түнгі 22:55-те құтқарушылар отбасыны жедел көлікке жеткізді.


 




Көрілген: 534    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.06.2019, 18:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31