Оқиға

Алматыда АН-28 ұшағы апатына қатысты сот аяқталды

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Алматы облысы Іле ауданында 3,5 жыл бұрын бес адам қаза тапқан АН-28 ұшағы апатына қатысты сот аяқталды. East Wing әуекомпания басшысы Василий Масалитин ақталып шықты. Алайда сарапшылар ұшақ белгісіз ұшу аппаратымен соқтығысқанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Іле аудандық сотына сілтеме жасап.

 

Виталий Масалитинге «абайсызда адамдардың өліміне әкеп соққан қозғалыс қауіпсіздігі немесе әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзды» және «басқаруға құқығы жоқ адамға әуе кемесін басқаруға рұқсат берді» деген айып тағылған болатын. Ол сотта кінәсін мойындамады.

 

Сотқа дейінгі тергеу барысында сарапшылар қорытындысындағы қарама-қайшылықтарға байланысты сот талқылауы жан-жақты және объективті өтуі үшін судья кешенді сараптама (медициналық-криминалистикалық, сот-медициналық, көлік-трасологиялық, заттар мен бұйымдардың жарылыс-техникалық материалдары) тағайындады.

 

«Ұшақ белгісіз ұшу аппаратымен соқтығысқан. Бұл ұшқыштар кабинасының қызып кетуіне әкелген және соққы толқынын тудырған», деді Іле аудандық сотының баспасөз қызметі өкілі.

 

Сарапшылар шығарған қорытындыға сүйене отырып, сот Масалитиннің «кінәсі жоқ» деген қорытындыға келді. Осыған байланысты, сот Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 44-бабы 1-бөлігінің 3-тармағына сәйкес анықталмаған адамдарға қатысты қылмыстық істі жеке іс жүргізуге бөліп, қудалау туралы мәселені шешу үшін прокурорға жіберді. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық іс жүргізу заңын өрескел бұзуға жол берген Қазақстан Бас прокуратурасы атына жеке қаулы шықты.

 

Еске сала кетейік, 2017 жылы 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының ұшағы аэродромнан 28 шақырым жерде радардан жоғалып кеткен болатын. Кейін ұшақ жерге құлап, барлық экипаж мүшелері мен жолаушылар қаза болған еді.

 

 

 

 

 




Көрілген: 534    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 19:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31