Оқиға

Алматыда арнайы жасақ әскерлері есінен танып құлаған әйелді құтқарып қалды (видео)

  • Видеодан скриншот

    Видеодан скриншот

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаратын Алматы қалалық Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Төле би даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысында жағдайы нашарлаған келіншекке алғашқы медициналық көмек көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


Полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, Төле би-Панфилов қиылысында 50-55 жастағы келіншектің жағдайы нашарлаған.


Осы уақытта жауынгерлер оның астына күртеше төсеп, бетіне су шашқан. Олар жедел жәрдем қызметі келгенше, әйелдің жүрек соғысын бақылап отырған.


Сол сәтте жолда өткен адамдардың бірі өз көмегін ұсынып, келіншекке жүректегі жетіспеушілікке қарсы дәрі ұсынған.


Жедел жәрдем қызметкерлері жеткен уақытта өз-өзіне келіп үлгерген әйел олардың көмегін қажет емес екенін айтып, ары қарай тексерілуден бас тартқан.


Осылайша, ол өздігінше үйіне қайтып кетті.


 




Көрілген: 216    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.06.2019, 18:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30