Оқиға

Алматыда автобус пен КамАЗ соқтығысып, 7 адам ауруханаға түсті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда автобус пен КамАЗ соқтығысып, 7 адам жарақат алды. Жол апаты Түрксіб ауданына қарасты Шоссейная және Боралдай көшесінің қиылысқан жерінде таңғы 9:35-те болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«FAW маркалы автобусы Шоссейная көшесімен оңтүстікке бағыт алып келе жатып, қосалқы көшеден басты көшеге жан-жағына қарамай шығып кеткен. Автобус жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзды. Соның кесірінен ол КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты», - деді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Жол апатынан 7 адам жапа шекті. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.


«Бұл дерекке қатысты Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасының мамандары ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс тіркеді. Сот медициналық және автотехникалық сараптама тағайындалды. Жолаушылардың денсаулығына келтірілген зақым бағаланады. Содан соң іс материалдары сотқа жіберілетін болады», - деді Салтанат Әзірбек.


 




Көрілген: 310    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.07.2019, 21:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31