Оқиға

Алматыда бірнеше көлік соқтығысты

  • Сурет

    Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда Hyundai жүргізушісі бірнеше көліктің соқтығысуына себепші болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Жол-көлік оқиғасы Рысқұлов даңғылының бойында болған. Бес автокөлік соқтығысқан.


Куәгерлердің айтуынша, Hyundai автокөлігі бір бағытта кетіп бара жатқан Toyota маркалы автомобилін соққан. Осыдан кейін, ол жолдың қарама-қарсы бағытына өтіп кетіп, Toyota Highlander және Toyota Carina көліктерімен соқтығысқан. Соңғысы соққы салдарынан жүк көлігіне барып соқтығысады.


Hyundai жүргізушісінің айтуынша, көлік тізгінінде келе жатып, ол есінен танып қалған және жол апатының барлық мән-жайын білмейді екен.


Hyundai көлігінде отырған екі жолаушы мен Hyundai жүргізушісі және Toyota Highlander салонындағы бала зардап шеккен.








 Тengrinews.kz




Көрілген: 225    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 11:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30