Оқиға

Алматыда екі емхана вакцинация төлқұжаттарын сатқаны расталды

  • Алматыда екі емхана вакцинация төлқұжаттарын сатқаны расталды

    Алматыда екі емхана вакцинация төлқұжаттарын сатқаны расталды

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев екі емханада вакцинация төлқұжаттарын сатқанын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өкінішке қарай, бұл фактілер екі емханада расталды. Екеуі де құқық қорғау органдарына жіберілді. Тергеу жүріп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ. Сондықтан әзірге ештеңе айта алмаймыз. Ақпарат алған күні өздеріңізбен бөлісеміз", - деді Нариман Табынбаев.

 
Оның айтуынша, мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Барлық емханаларда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қатаң бақылауға алынды ", - деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Бұған дейін Нариман Табынбаев Алматыда вакцина салдырғандар арасында коронавирус жұқтырғандар туралы айтқан.

Stan.kz




Көрілген: 713    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.05.2021, 13:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31