Оқиға

Алматыда ер адам «Нұрлы тау» ғимаратының 12-қабатынан секіріп кетті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда «Нұрлы тау» бизнес орталығы ғимаратынан секіріп кеткен ер адам қаза тапты, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай болған жерден түсірілген суреттер әлеуметтік желіде жарияланды.

«Биіктен құлап кетті. Оқиға орнында жедел жәрдем, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ол жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған.

Қалалық полиция департаменті марқұмның кім екенін анықтады.

48 жастағы ер адам 12-қабаттағы терезеден секіріп кеткен. Оның неге өзіне қол салғаны тергеу барысында анықталады.

Оқиға орнында Бостандық ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

 




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.12.2019, 12:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30