Оқиға

Алматыда көлік төбесіне мініп алған қыздар видеоға түсіп қалды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде қыздардың жүріп бара жатқан көліктің төбесіне отырып алған видеосы тарап жатыр.

 

Бейнежазбаға қатысты Алматы қаласының полиция департаменті пікір білдірді.

 

Видео Instagram желісіндегі kris.p.almaty.official парақшасында жарияланған.

 

Кадрларда жолда кетіп бара жатқан көлік пен оның үстіне шығып алған екі қыз көрсетілген. Олар басқа көліктерге қол бұлғайды.

 

Желідегілер жолаушылардың әрекеті ерсі екенін айтып, пікір қалдырған.

 

Сондай-ақ бейнежазбаға Алматы қаласының полицейлері де пікір білдірді.

 

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған көліктің жүргізушісі адамдарды салонның сыртында тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

 

 

Еске сала кетсек, бұған дейін Таразда жолда кетіп бара жатқан көліктің төбесіне бірнеше адам мініп алған видео тараған еді. Одан бөлек, көліктің артынан бірнеше адамның жүгіргені көрсетілген.

 

Полицейлердің мәліметінше, көлік ішінде Жандос есімді блогер бар екені анықталды, ол қалада жанкүйерлерімен кездесу өткізгісі келген, бірақ оған рұқсат берілмеген көрінеді.

 

Осылайша, Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізушіге жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік кодексінің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 602    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 18:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31