Оқиға

Алматыда "қызыл" статусы бар 70 адам айыппұл арқалады

  • Алматыда

    Алматыда "қызыл" статусы бар 70 адам айыппұл арқалады

Алматылықтар карантин талаптарын ескермей, адам көп шоғырланатын қоғамдық орындарға кіруге тырысқан

Алматыда карантин талаптарын сақтамаған 70 адамға айыппұл салынды. Бұл туралы брифинг кезінде қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның сөзінше, Ashyq жүйесінде "қызыл" статусы бар алматылықтар карантин талаптарын ескермей, қоғамдық тамақтану орындарына, сауда және ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға кіруге тырысқан. Соған байланысты 70 адамға 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кетері, алматылықтардың арасында 20-дан 39-ға дейін адамдар науқастардың 29%-ін, 40-тан 59-ға дейін – 27%-ін, 60 жастан асқандар 26%-ін құрайды.

Қала бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар науқастардың 28%-ін, зейнеткерлер – 25%, түрлі ұйымдар, ЖШС, ЖК қызметкерлері – 21% құрап отыр.

Бір апта ішінде инфекция жұқтырғандар арасында жалпы санынан жасөспірімдер 5,3%-ті, 14 жасқа дейінгі балалар – 13,3%, оның ішінде 1 жасқа дейін – 2,2%-ті құрайды.




Көрілген: 448    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 09:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31