Оқиға

Алматыда мас жүргізуші Саин көшесінде ер адамды қағып өлтірді

  • ©

    © "Территория происшествий"

Алматыда мас жүргізуші Саин көшесінде ер адамды қағып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, күдікті қамауға алынды. Жол-көлік оқиғасы 11 желтоқсанға қараған түні Саин мен Торайғыров көшелерінің қиылысында болған.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") тергеу жүріп жатыр.

Жүргізушінің 1988 жылғы екені және мас күйде көлік жүргізгені анықталған.

"Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында. Сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды. Сотқа дейінгі тергеу барысында қажетті сараптамалар тағайындалады", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.


© "Территория происшествий"

СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының мәліметінше, Honda жүргізушісі Саин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Белгісіз себептермен көлік тізгінін басқара алмай, жолдың шетіне ұшып кетіп, ер адамды қағып өлтірген. Салдарынан көлік аударылып, ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

 




Көрілген: 876    Пікірлер: 0

жұма, 13.12.2019, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31