Алматыда пәтерден 34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылы туған балаларының денесі табылды

08 тамыз 2022, 14:54

Алматыдағы пәтерлердің бірінен үш адам өлі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

Алматы полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 тамызда Жедел басқару орталығына "Мамыр" шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 және 2020 жылы туған балаларының денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

 

"Материал жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және адамдардың өлімінің мән-жайын анықтау мақсатында жедел тергеу тобы шықты. Оқиға орнына барған полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Арыстанғани Заппаров тергеуді жеке бақылауына алды", - деді полициядағылар.

 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.