Оқиға

Алматыда полицей мен жас қыз төбелесті (видео)

  • © Stan.kz.

    © Stan.kz.

Желіде жас қыз бен тәртіп сақшысының төбелесіп қалған сәтінің видеосы тарады. Видеоның астында оқиғаның Алматыда орын алғаны жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.


Видео астындағы жазбада жас қыздың алтын түстес BMW көлігін эвакуаторға тиеп, алып кеткеннен кейін, оның полицеймен төбелесіп қалғаны жазылған.


Видео кадрларынан қыздың тәртіп сақшысына қарсыласып, бой бермей, эвакуаторға тиелген көліктің ішіне терезеден кіріп алғаны көрінеді. Артынша полиция қызметкері оны сүйреп шығармақ болады.



Өз кезегінде қалалық полиция департаменті желіде тараған оқиғаны жоққа шығарды. Олардың мәліметінше, сол жерде фильм түсіріліп жатқан болуы мүмкін.


«Аталған видеоның Алматы қалалық полиция департаментіне еш қатысы жоқ. Қызметкердің де, техниканың да ішкі істер органына қатысы жоқ. Бар болғаны фильм түсіріліп жатқан болуы мүмкін», - дейді полиция департаментінің өкілі. 




Көрілген: 1753    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.06.2019, 11:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31