Оқиға

Алматыда полицейлердің көлік қуған сәті видеоға түсіп қалды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматыда полицейлердің көлік қуған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Әлеуметтік желілерде Алматы даңғылдарының бірінде көліктің артынан қуған полицейлердің видеосы жарияланды.

 

 

Бейнежазбадан көлік жүргізушісі артпен қозғалып бара жатқанын көруге болады.

 

«Рысқұловтағы экшен: жүргізуші полицейлерден қашқан, бірақ дөңгелегі ұшып кетіп, оны үш патруль экипажы ұстап алды», - делінген жарияланымда.

 

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 14 маусымға қараған түні Алматының Алатау ауданында болған.

 

«Toyota Camry» маркалы автокөлігінің жүргізушісі патруль экипажының тоқтау туралы талабына бағынбады. Жасырынуға тырысты, бірақ оны бұғаттады.

Көлік тізгінінде 1966 жылғы А. есімді ер адам болды. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы, 606-баптың 1-бөлігі және 595-баптың 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

 




Көрілген: 335    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 17:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31