Оқиға

Алматыда тағы екі адам астыртын жолмен қалаға кіруге тырысқан

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

40-тан асқан облыс тұрғындары Құлжа трассасында орналасқан бақылау-өткізу пунктінен айналма жолмен жүріп өтіп, қалаға кірген. Сол арқылы Алматы қаласына кіріп- шығуды шектейтін арнайы режимді бұзған.

 

«Жұмыс немесе жеке шаруалар үшін қалаға кіруге айналма жолмен өтуге тырысудың қажеті жоқ. Азаматтар үйіне оралған кезде үйдегілерге вирус таратып, жақындары мен туыстарына жұқтырып алуы мүмкін екенін түсінуі керек. Қазіргі уақытта барлық жасырын жолдар, аллеялар, айналма жолдар жабылды, ол жақта тәулік бойы полиция мен Ұлттық ұлан жауынгерлері кезекшілік етеді. Қаланың арғы бетінде Алматы облысындағы әріптестеріміз де кезекшілікте. Қалаға кіру немесе шығу үшін заңға қайшы әрекеттерге баратын адамдар қатаң жазаланады. Саналы азаматтар вирус жұқтырып алмау үшін тіпті үйлерінен шықпайды. Сондықтан біз Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына үйде болу және жақын адамдарына уақыт бөлуге кеңес береміз. Карантин режимінде неғұрлым қатал болсақ, соғұрлым тезірек аяқталады. Мұның бәрі өзімізге байланысты», - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

 

Карантин режімін бұзғандардың тағдырын Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шешеді. ҚР ӘҚбК-нің 476-бабының 1-тармағына сәйкес, режим бұзушылар 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

 

Еске салайық, Алматыда бас мемлекеттік санитар дәрігердің міндетін атқарушының 18 наурыздағы № 8 бұйрығына сәйкес 19 наурыз 00:00-ден бастап COVID-19 коронавирус инфекциясының Қазақстан Республикасының басқа аймақтарының аумағы таралуына жол бермеу мақсатында адамдарға Алматы қаласына кіріп-шығуға тыйым салынған болатын.

 

ҚазАқпарат

 




Көрілген: 432    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.03.2020, 13:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30