Оқиға

Алматыда тойға дайындалып жүрген 22 жастағы қыз қайтыс болды

  • Алматыда тойға дайындалып жүрген 22 жастағы қыз қайтыс болды

    Алматыда тойға дайындалып жүрген 22 жастағы қыз қайтыс болды

Қалалық полиция бұл факті бойынша қылмыстық істі тергеу басталғанын хабарлады

Алматыда 22 жастағы қыз ақыл тісін жұлдырып, басқа тістерін емдету үшін стоматологияға барған: ол тұрмысқа шығуға дайындалып жүрген, деп хабарлады zhaloby.almaty паблигі. 

Олардың ақпараты бойынша дәрігерлер қызға төрт ақыл тісін жұлдырып, басқа бірнеше тісін емдеуді ұсыныпты. Қызмет құны 420 мың теңге болатынын айтқан. Қыз кепілақы төлеген, ал анестезиолог оған ота толық наркозбен жасалатынын ескерткен. 

Ота алдында науқас анасына тіс дәрігеріне келгенін хабарлаған, ал анасы қызын жақсы көретінін және үйде күтетінін айтқан. Алайда алматылық қыз үйге қайтып оралған жоқ: 6 сағаттан кейін анасына ұлы қоңырау шалып, әпкесінің қайтыс болғанын жеткізді.

Анасы клиникаға келгенде оған қызының денесін көруге рұқсат бермеді.  

Пабликтің мәліметінше, дәрігерлер қыздың анафилаксиялық шоктан қайтыс болғанын хабарлаған. Оқиға орнына полиция инспекторы келді, дәрігерлер оған екі сағат бойы қызды қайта тірілтуге тырысқанын айтқан көрінеді. Олар емханада жеке реанимация бөлімі болғандықтан "жедел жәрдем" шақырмаған.

"Аталған факті бойынша тергеу басталды. Тергеу барысы департаменттің бақылауында болады", - деп жазды Алматы қаласы полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов әлеуметтік желідегі парақшасында.

sputnik.kz




Көрілген: 1061    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.08.2021, 09:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31