Оқиға

Алматыда ұшақ рейсі екі сағат кешігіп ұшты: Желіде жанжал видеосы тарады

  • © Photo : РСК Алматы

    © Photo : РСК Алматы

Fly Arystan компаниясының "Алматы–Нұр-Сұлтан" рейсі уақытынан екі сағатқа кешігіп ұшты. Оған салонда болған ер адамның жүк тасымалдау тәртібіне бағынбай, жанжал шығаруы себеп болды.

 

Fly Arystan компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, КС 7055 рейсінің жолаушысы салонға екі сөмке алып кірген. Ал ереже бойынша жолаушылар ұшаққа өзімен бір ғана қол жүгін алып кіруге рұқсат.

 

"Жолаушыға екі рет ескерту жасаған. Компания қызметкерлері алдымен тіркеуде, содан кейін бортқа кіргізу кезінде екі қол жүгін біріктіру керектігін айтқан. Олай істемесе, рейске кіргізбейіз деп те ескерту жасады", – дейді компания мамандары.

 

Алайда ер адам ережені де, ескертуді де елемеген. Сондықтан да, оған бортқа кіруге рұқсат берілген жоқ. Дегенмен, ол компания қызметкерін итеріп, салонға өтіп кеткен. Осыған байланысты тәртіп сақшыларын шақыруға тура келді. Сөйтіп, жолаушыны борттан түсірілген. Ал авиациялық қауіпсіздік қағидаларына сәйкес, ондайда қайта тексеріс өткізіледі.

 

Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарап кетті. Полицейлер жанжал шығарған жолаушыны ұшақтан шығарғысы келіп отыр. Ал жолаушылар бәрін видеоға түсіріп тұр. Ер адамды жақтаған адамдар да болды.

 

 

Блогер Денис Кривошеев осы оқиғаның куәгері болғанын жазды. Оның сөзіне қарағанда, жолаушы әйелімен бірге ұшқан. Сол себепті қолында екі қол жүгін алып кірген.

 

"Шамасы, супервайзер екі сөмке де ер адамға тиесілі деп ойласа керек. Содан жанжал басталды. Ұшақ екі сағат жай тұрды, екі рет тексеріс болды. Бұның бәрі компания үшін төленбеген жүкпен салыстырғанда әлдеқайда қымбатқа шығады", – деп жазды Кривошеев Facebook-тегі парақшасында.

 

Fly Arystan компаниясының қол жүгін тасымалдау ережелеріне сәйкес, әрбір жолаушы стандартты тарифпен бір ғана қол жүгімен кіре алады. Ол кәдімгідей сөмке, фотоаппарат, қолшатыр, ноутбук және тағы басқа зат болуы мүмкін. Бірнеше затты бір сөмкеге салуға болады. Бірақ оның салмағы 5 келіден аспауы шарт. Артық болса, қосымша ақша төленеді. Ал қол жүгінің көлемі – 56/23/36 сантиметрден артық болмауы керек.

 

 

 

 

 




Көрілген: 760    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 17:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31