Оқиға

Алматыдағы атыс: Жеке сот орындаушыларының палатасы түсініктеме берді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Алматыдағы қайғылы оқиғаға байланысты Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы қаза тапқан жеке сот орындаушыларының отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат палатаның сайтына сілтеме жасап.

 

«Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы Алматыда 20 қыркүйекте қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан жеке сот орындаушыларының отбасылары мен жақындарына қайғыра отырып көңіл айтады. Марқұмдардың артында отбасы және кәмелет жасына толмаған балалары қалды», делінген хабарламада.

 

Палатаның мәлімдеуінше, аталған үйден шығару жөніндегі орындау өндірісі екі жеке тұлғаның арасындағы келіспеушілікке қатысты болған.

 

«Мүлік меншігі құқығы тіркелген адам баспананы электронды сауда-саттықта сатып алған, ол бұрынғы тұрғындарды көшіріп жіберу жөнінде сотқа жүгінген. 2020 жылы 10 маусымда сот аталмыш өтінішті қанағаттандырды. Борышкерге былтырдан бері бірнеше рет сот шешімін орындау қажеттілігі жөнінде ескертілген», делінген хабарламада.

 

Жеке сот орындаушыларының кәсіби қауымдастығы әріптестеріне қажетті көмек көрсетіледі деп мәлімдеді.

 

«Баспанадан шығару жөніндегі сот шешімін орындау кезінде қайғылы оқиға болды, бес адам өлтірілді. Жеке сот орындаушыларының кәсіби қауымдастығы тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек және толыққанды қолдау көрсетіледі. Оқиғаның мән-жайын құқыққорғау органдары тергеу жатыр», делінген хабарламада.

 

Айта кетерлігі, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаза тапқандардың жақындарына барлық тиісті көмек пен қолдау көрсетіледі деп мәлімдеген еді.

 

Еске сала кетсек, Алматыда екі адамның меншік құқығына қатысты дауы бойынша сот шешімін орындау кезінде бұрынғы үй иесі қызметтік міндетін орындаумен келген 5 адамды атып өлтірді.

 

Қазір осы қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.09.2021, 00:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31