Оқиға

Алматыдағы газ жарылысы: 19 жастағы бойжеткеннің жағдайы аса ауыр

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда дәрігерлер Жетісу ауданында болған газ бен ауа қоспасының жарылысынан зардап шеккен адамдардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зардап шеккен үш адамның бірі - 23 жастағы ер адам ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

«Пациент денесінің 22% күйік шалған. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Ауруханадан шығуға дайындалып жатыр», - деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасынан.

Ал 19 жастағы бойжеткеннің жағдайы аса ауыр.

«2000 жылы туған қыз әлі де жансақтау бөлімінде. Жағдайы өте ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Денесінің 85%-ы күйген. Қазір өткір күйік токсемиясы кезеңін басынан кешіріп жатыр», - деді басқарма.

Еске салсақ, қайғылы жағдай Первомайка ауылындағы Постышев, 64 «В» мекенжайында барак типтес 3 қабатты үйде болған еді. Салдарынан 3 адам жарақат алып ауруханаға түскен болатын. Денесінің 100 %-ын күйік шалған 36 жастағы ер адам 2 күннен соң көз жұмды.

 




Көрілген: 662    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.11.2019, 13:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30