Оқиға

Алюминий зауытында төгілген сілті ерітіндісі елді дүрліктірді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Осы жағдай әлеуметтік желілерге тараған, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Десе де, өндірістік ошақ қызметкерлері бұл апатты жағдай емес деп отыр.

 

Жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде зауытқа ылғалдылығы жоғары боксит әкелінеді, шикізат бункерлерге жиналып қалады. Бұл ақауды жою үшін су пайдаланылады. Егер технологиялық процесс дұрыс жүргізілмесе, сұйықтық цех аумағына төгіліп кетеді. Мамандар мұны қалыпты жағдай дейді.

 

Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта ерітінді арнайы құрылғымен сорылып жатыр.

 

Зауыт мамандарының айтуынша, бұл сұйықтық қоршаған ортаға және зауыт қызметкерлерінің денсаулығына қауіпсіз. Зардап шеккендер жоқ.

 

Александр Фролов, Павлодар алюминий зауытының директоры:

 

– Видеодағы сұйықтық – шикі қойыртпақ. Яғни өңделген ерітінді мен бокситтің қоспасы. Өңделген ерітінді дегеніміз – сілтілі ерітінді. Осылайша, бокситті сілтісіздендіріп, одан алюминий оксидін аламыз, яғни глинозем шығарылады. Сұйықтық төгіліп кетті. Алдымен сұйық, кейін қатты фазасын аламыз.

 

 




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.03.2021, 01:07

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31