Оқиға

Арқалықта полициядан көлікпен қашқан жасөспірімге қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қостанай облысы Полиция департаменті полиция қызметкерлерінен көлікпен қашқан кәмелетке толмағанға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Арқалық қаласы патрульдік полиция взводының аға сержанты Аман Оспанов ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол әріптесі Мұрат Жамалиев екеуі сол күні өрт сөндіруге қатысты оқиға орнынан келе жатқан еді. Полицейлер жол бойында Mitsubishi Pajero көлігін көріп, ондағы жүргізушінің күдікті әрекетін байқап қалады. Көлік жүргізушісі қозғалыс кезінде қайта-қайта кілт тоқтай берген көрінеді.

 

Куәгер Сабыржан Лекеровтің айтуынша, 31 мамыр күні Жәнібек көшесі бойында патрульдік машина жол талғамайтын көлікті қуып жетіп тоқтатуға тырысқан. Алайда джип жүргізушісі ескертулерге қарамастан, жылдамдығын түсірместен жүйтки жөнелген. Қатты жүрген көлік көше бойында жүрген адамдарға қауіп төндірген.

 

Полиция қызметкерінің сөзіне қарағанда, бұл оқиғада басты мақсат қайғылы оқиғаға жол бермеу болды.

 

«Жол бойында адамдар болды және оларға қатер төнді. Сондықтан аталған көлік құралын тоқтату туралы шешім жасадық. Ескерту ретінде тапаншадан ауаға оқ аттым, алайда көлік тоқтамады. Кейіннен көліктің артқы дөңгелегін көздеп оқ аттым. Дөңгелегі жарылса да, ол 500 метр жердегі үйіне дейін жүріп барды. Сол кезде ғана көлікті жасөспірім тізгіндегенін байқадым. Көлік биік болғандықтан оны кім басқарып отырғанын алдында көрмеген едік», - деді Аман Оспанов.

 

 

Белгілі болғандай, баланың 35 жастағы әкесіне 2015-2018 жылдар аралығында көлік басқаруға шектеу жасалған еді.

 

Сонымен қатар, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстң 612, 613-баптары бойынша екі хаттама толтырылды. Жақын арада Арқалық қаласының соты жасөспірімнің әкесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) шешім қабылдайды.

 

Бұл жағдайға қатысты іс-әрекеттер қала әкімдігінің кәмелетке толмағандар істері бойынша комиссияда қаралды. Онда ескерту мерзіміне байланысты шешім қабылданды.

 

 

 

 




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 11:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31