Оқиға

Арыстағы жарылыс: 19 тұрғын үй мен 9 қора-қопсы өртенді

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Арыстағы апатты жоюмен 1 200-ден астам адам айналысып жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«24 маусым күні сағат 9.20-да Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Арыс қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің №44859 әскери бөлімінің оқ-дәрі қомасы өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары дереу жіберілді. Халықты эвакуациялау, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қорғау үшін ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық гвардия әскери қызметшілері жұмылдырылды. Барлығы 1 200-ден астам адам», - деп атап өтеді министрліктен.


Ведомство ақпаратына сәйкес, оқиға орнында облыстық жедел штаб құрылып, ол Ордабасы ауданына қарасты Сарыарқы елді мекеніне орналастырылды. Қауырт желі құрылып, 11 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.


«Қазіргі уақытта снарядтардың ұшып, жарылуына байланысты әскери бөлім қоймаларындағы өртті сөндіру мүмкін болмай отыр. Арыс қаласының өзінде 23 өрт сөндірушілер тобы жұмыс істеп жтыр. Олар 19 тұрғын үй мен 9 қора-қопсы өртін және 9 табиғи өртті сөндірді. Эвакуациялық шаралар жалғасып жатыр. Төтенше жағдай аумағынан 2815 адам шығарылды. 39 мыңнан астам адам өз беттерімен шығып кетті», - делінген таратылған ақпаратта.


Қазіргі уақытта құқықты тәртіпті қамтамасыз ету және тұрғындардың мүлкін қорғау шаралары жүргізіліп жатыр. Қаланы шолғындауға 75 полиция наряды жұмылдырылып, 3 блок-пост орнатылған. Қаладан шыққан көліктер тексерілуде. Қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу тобы жұмыс жасауда.


Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында кеше таңертең жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Апат салдарынан екі адам мерт болды. Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесіп, қаланың қалпына келтірілетініне уәде берді.


 




Көрілген: 521    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.06.2019, 11:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30