Оқиға

Әскери бөлімдегі төтенше жағдай: қоймада Арыстан әкелінген оқ-дәрілер сақталған

  • © Sputnik / Анатолий Устиненко

    © Sputnik / Анатолий Устиненко

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі өртке сипаттама берді. Өрт динамикасына қарағанда қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған.

 

Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі және қорғаныс ведомствосының комиссиясы мінген ұшақ Жамбыл облысына ұшып келді.

 

Лауазымды тұлғалар оқиға орнына жетті.

 

"Инженерлік оқ-дәрілердің жанып жатқанын өрттің динамикасынан байқауға болады. Инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жалғасып жатқан өрт сол жерде сақталған тротилдың жануынан туындауы мүмкін. Аспандағы түтін іздері қоймада сақталған сигналдық патрондардың өртенуіне байланысты болуы да ықтимал. Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін аталған қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі шығарылғанын айта кеткен жөн. Бұл қоймада алысқа ұшып жарылатын снарядтар жоқ", - деді ведомстводағылар.

 

Қоймаларда жер асты сақтау орындары жоқ

 

Қорғаныс министрі оқиға орнында Жамбыл облысының әкімімен, Төтенше жағдайлар министрімен, мемлекеттік органдардың жедел штаб басшыларымен кеңес өткізді.

 

Оқиға салдарын жою мақсатында барлық мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қарулы Күштер бөлімшелерінің, төтенше жағдайлар департаментінің, ішкі істердің, әкімдіктің, медициналық мекемелердің іс-қимылдары үйлестірілген.

 

Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыстар тоқтады, дегенмен өрт жалғасуда.

 

"Инженерлік оқ-дәрілер жердегі қоймаларда сақталады. Қоймаларда жер асты сақтау орындары жоқ. Осы әскери бөлімде оқ-дәрілердің басқа түрлері (артиллериялық, реактивті, зымырандық, атыс) сақталмайды. Инженерлік оқ-дәрілер арасында жарылыс кезінде сынықтары мен ірі қалдықтары ұшатын снарядтар жоқ. Сонымен қатар түрлі жарылғыш заттардың жанып, жарылуы салдарынан соққы толқыны, ауқымды жалын мен қатты дүмпулер орын алуы ықтимал", - делінген министрлік хабарламасында.

 

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда 19.00 шамасында Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қоймалардың бірінде шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Әскери бөлімнің өрт сөндіру командалары мен шынжыр табанды арнайы өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдай департаментінің өрт сөндірушілері жұмылдырылды. Бұл бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан.

 

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен түскен адамдардың саны 60 адамнан асты.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 706    Пікірлер: 0

жұма, 27.08.2021, 09:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31